Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың қаржы пирамидаларына құйған қаражаты 22 миллиардтан асады

Қаржы пирамидасына алданған қазақстандықтардың алашағы бірнеше миллиард теңгеге жетті. Тек "Гарант24 Ломбард", "Выгодный займ", "Estate Lombard" компанияларының салымшылары 22 миллиард теңгесін өндіре алмай жүр екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

теңге

"Жәбірленушілерден ІІМ-не 17 мыңнан астам арыз түсті. Келтірілген материалдық шығын көлемі 22 млрд теңгеге бағаланып отыр. Аталған ұйымдардың басшыларына қатысты 32 қылмыстық іс тіркелді, 51 күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылды, 7 күдіктіге іздеу жарияланды", - деді ҚР ІІМ тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов. 

Ұсталған күдіктілерден 70 млн теңге тәркіленді, бұдан бөлек олардың 2 млрд теңгеге бағаланған дүние-мүлкі анықталды. Осы активтерді жәбірленушілерге қайтару үшін сот жүріп жатыр. 

Айта кетейік, биылдың өзінде қаржы пирамидаларын құру бойынша 217 қылмыстық іс тергеліп, 79 күдіктіден жауап алынып жатыр. 

Талқылау