Қазақстандықтардың қаржы пирамидаларына құйған қаражаты 22 миллиардтан асады
Қаржы пирамидасына алданған қазақстандықтардың алашағы бірнеше миллиард теңгеге жетті. Тек "Гарант24 Ломбард", "Выгодный займ", "Estate Lombard" компанияларының салымшылары 22 миллиард теңгесін өндіре алмай жүр екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Жәбірленушілерден ІІМ-не 17 мыңнан астам арыз түсті. Келтірілген материалдық шығын көлемі 22 млрд теңгеге бағаланып отыр. Аталған ұйымдардың басшыларына қатысты 32 қылмыстық іс тіркелді, 51 күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылды, 7 күдіктіге іздеу жарияланды", - деді ҚР ІІМ тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов.
Ұсталған күдіктілерден 70 млн теңге тәркіленді, бұдан бөлек олардың 2 млрд теңгеге бағаланған дүние-мүлкі анықталды. Осы активтерді жәбірленушілерге қайтару үшін сот жүріп жатыр.
Айта кетейік, биылдың өзінде қаржы пирамидаларын құру бойынша 217 қылмыстық іс тергеліп, 79 күдіктіден жауап алынып жатыр.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан үкіметі қазақстандық кәсіпкерлерге берген уәдесін неге орындамады?
Кәсіпкерлер жаңа талаптарға байланысты наразылық білдіріп жатыр