Қазақстандықтардың қаңтарда неше күн демалатыны белгілі болды
2024 жылдың қаңтар айында қазақстандықтар жалпы саны 10 күн демалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ресми демалыс күндері 1 және 2 қаңтар.
2023 жылдың соңғы сенбісі мен жексенбісі 30 және 31 желтоқсанға сәйкес келеді. Сәйкесінше, бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар төрт күн қатарынан демалады. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 30 желтоқсанда жұмысқа шығады.
7 қаңтар - Рождество. Аталған мерекеге қосымша демалыс күні берілмейді. Бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар әдеттегідей 6 және 7 қаңтарда демалады.
Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылы болатын демалыс күндері туралы ақпаратты берген еді. Көптеген мерекелер жұмаға сәйкес келетіндіктен, қазақстандықтар келесі жылы қатарынан үш күн демалуға мүмкіндік алады.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен