Қазақстандық балаларға Ұлттық қордан алғашқы төлемдер түсе бастады
Ұлттық қордан балаларға алғашқы төлемдер түсе бастады. 1 ақпаннан бастап қазақстандықтар "Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы бойынша балаға берілетін соманы біле алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Ақпарат kids.enpf.kz сайтында жарияланған. Балаңыздың ЖСН арқылы оның бағдарламаға қатысып-қатыспайтынын тексеруге болады.
2006 жылы және одан кейін туған барлық бала жыл сайын Қазақстанның ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50%-ын алады. Табыс есепті жылдың алдындағы он сегіз жылдағы орташа есеппен алынады. Барлық бала есепті жыл үшін бірдей сома алады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдардағы балаларға есептелген сомалар ұлттық қор активтерінің бөлігі ретінде инвестицияланады. Нәтижесінде оларға инвестициялық кіріс қосымша есептеледі.
Сервис қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр және барлығына шамамен 100 доллар түскенін көруге болады.
Ақпарат алу үшін баланың ЖСН-ін енгізіп, "Тексеру" түймесін басу керек.
Айта кетейік, бұған дейін "Ұлттық қор — балаларға" жобасына байланысты шу шыққаны белгілі болған. Өйткені кейбір ата-ана баласын тізімнен таппаса, ал енді бірі деректер базасында өз баласының орнына бейтаныс адамдардың тіркелгенін көріп таңғалған.