TikTok-та жаңа алаяқтық пайда болды: Қазақстандықтар статистикалық порталдың ашық ақпаратын сатып жатыр
Ұлттық статистика бюросы қазақстандықтар TikTok сайтында статистикалық порталдың ашық ақпаратын сатып жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: sciencexxi.com
Статистикалық портал еркін қолжетімді деректерді саудалап жүрген желі қолданушыларының қызметтерін пайдаланбауды сұрады.
"Әлеуметтік желіде тікелей эфир барысында ақшалай сыйақы үшін "Мен сияқты қанша адам бар" сервисіндегі деректерді хабарлау кең танылып келеді. Эфирді ұйымдастырушы тұлға банк аударымы үшін телефон деректерін көрсетеді, ниет білдіргендер төлем жасаған кезде Қазақстан бойынша қанша аттасы бар екенін білу үшін есімдерін жазады. Мұндай қызметпен айналысатындар өз әрекеттері үшін жауапқа тартылуы мүмкін екенін ескертеміз", - деп хабарлады портал.
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты
Мұндай істі міндеттесе мектеп басшылығына 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады
Түркістандық көпбалалы ана үйіне келіп жәрдемақыдан бас тартуды талап еткендерге шағымданды
Әсел: "Сөйте тұра маған “сіз А категориясындағы отбасына жатасыз" деді"