Қазақстандықтар тамызда неше күн демалады
Жаздың соңғы айында қазақстандықтар қосымша демалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Биыл тамызда қазақстандықтарда он күн демалыс болады. Мемлекеттік мереке саналатын 30 тамыз – Конституция күні дүйсенбіге түсіп тұр. Сондықтан 28, 29 және 30 тамыз күндері демалыс болады.
Ал алты күндік жұмыстағыларға небәрі 6 демалыс күні мен 25 жұмыс күні болады.
Мереке 30 тамызда аталады. 1995 жылы дәл осы күні Қазақстан халқы жалпыұлттық референдум барысында Конституция жобасын қолдап дауыс берді.
Дәстүр бойынша жыл сайын мерекелік іс-шаралар өтеді. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты мерекелік бағдарлама түбегейлі өзгерістерге ұшырауы мүмкін.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады