Қазақстандықтар сақтандыру төлемін енді онлайн ала алады
Біз смартфондардың көмегімен өмір сүруге дағдыланып қалдық және әрқашан қызметтердің барлығының цифрланғанын қалаймыз. Бақытымызға орай, қазір технологиялық прогресстер бір орында тұрмайды. Әлем біртіндеп цифрландыру форматына көшуде. Оның ішінде сақтандыру шаралары да бар. Мәселен, "Номад Иншуранс" компаниясынан төлем алудың барлық циклі бүгіннің өзінде онлайн режимде қолжетімді. Ол қалай жүзеге асады?
Сақтандыру мәселелері бойынша соңғы заңнамалық түзетулерге сәйкес, 2024 жылға қарай міндетті автосақтандыру шарты бойынша сақтандыру қызметтерінің толық сервисі - шарт жасалған сәттен бастап сақтандыру төлемін алғанға дейін цифрландырылуы тиіс екені жазылған. Сол жылдан бастап егер залал сомасы 100 АЕК-тен аспаса, автомобиль иелерінің болмашы жол-көлік оқиғаларының салдарынан олардың көлік құралдарына келтірілген залал үшін сақтандыру төлемдерін алуын оңтайландырылған "Еуропротоколды" енгізу жоспарланып отыр.
Мұндай тәртіп жол-көлік оқиғаларына түскендердің денсаулығына, өміріне зиян келмеген жағдайда және басқа жағдайларда сақтандыру төлемін алу үшін полицияны қатыстырмай немесе сотқа жүгінбей-ақ мобильді қосымшаның көмегімен құжаттарды ресімдеуге мүмкіндік береді.
"Өткен жылы компания сайтында "Жеке кабинет" сервисін іске қостық. Ол компанияның кеңсесіне келмей-ақ, қашықтан сақтандыру төлемін алуға мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндік адамның ең құнды ресурсы – уақытты үнемдейді”, - деп бөлісті "Номад Иншуранс" СК Басқарма Төрағасы Дәурен Иманжанов.
"Жеке кабинетте" тіркеле отырып, клиент сақтандырылып қана қоймай, өз сақтандыру жұмысының қолданыстағы және өткен шарттары бойынша бүкіл тарихын көре алады. Сонымен қатар онлайн режимде сақтандыру жағдайы туралы хабарлай алады. Сондай-ақ барлық қажетті құжаттарды тіркеуіне, ЭЦҚ көмегімен қол қоюына, мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалауға өтінім беруіне болады. Бұнымен қоса азаматтарға бағалау нәтижелерін ала отырып, өз келісімін білдіре алуына немесе бағалау жұмыстарына келіспеуіне мүмкіндік берілген. Осылайша қайта қарауға өтініш беруіне, төлем туралы талап және төлемді қайта алуына жағдай жасалған.
Иманжановтың сөзінше, компания клиенттері көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру өнімі бойынша платформада толық онлайн қызметтерді ала алады. Алайда жақын арада сақтандырудың басқа да түрлері қосылатын болады.
Бүгінгі таңда кез келген компанияның бәсекеге қабілеттілігі қандай-да бір жолмен өзінің бизнес міндеттерін шешудегі цифрлық трансформациямен байланысты. Өзара әрекеттесудің бұл түрі сақтандыру нарығына клиентпен жұмыс істеу және жаңаларын тарту үшін қажет.
Уақытпен үндес болу үшін даму және жаңа технологияларды енгізу қажет. Өйткені цифрландыру көптеген мәселелерді ашық шешуге мүмкіндік береді және қазақстандықтардың өмірін айтарлықтай жеңілдетеді.
"Клиент және оның жайлылығы - біз үшін әрқашан маңызды және алдағы уақытта біз сервисті жақсарту үшін одан да көп өзгерістер жасауды жоспарлап отырмыз", - деп атап өтті "Номад Иншуранс"Басқарма Төрағасы.
Ол бұдан басқа платформада клиенттердің полисті рәсімдей алатынын, сондай-ақ оны қайта рәсімдеп, ұзарта алатынын атап өтті. Бұнымен қоса, пайдаланушылардың әр әрекеті компаниямен кері байланысты растайтын құжат ретінде қызмет ететін нақты оқиғалар түрінде көрсетілетіні маңызды екенін атап өткен жөн. Сақтандыру компаниясына бұл өз жұмысын одан да жедел жүргізуге мүмкіндік береді. Ал клиенттер уақытын, ақшасы мен күшін үнемдей алады.
"Жеке кабинет" қызметін пайдалану үшін nomad.kz сайтына кіру жеткілікті. Ары қарай ұялы телефон нөмірі арқылы тіркеліп, веб-камера арқылы бет-әлпетіңізді сәйкестендіруіңіз керек.