Түркияда президенттік сайлаудың екінші кезеңі басталды
Бүгін Астана бойынша 11:00-де Түркияда президенттік сайлаудың екінші туры басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дауыс беруге қатысатын 60 миллион 721 мың 745 сайлаушыға 191 мыңнан астам жәшік орнатылды. Жалпыұлттық дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-де басталып, 17:00-де аяқталады.
Сайлаушылар ел президенті ретінде Халықтық альянстың кандидаты Режеп Тайып Ердоған немесе Ұлттар Альянсының кандидаты Кемал Киличдароглуны таңдайды.
- Ердоған сайлау учаскесінде балаларға ақша таратты (видео)
- Түркия ядролық державаға айналды: Әлемдегі ең үлкен атом станциясының құрылысы қалай жүріп жатыр
Еске салайық, Түркияда президенттік сайлаудың бірінші туры 14 мамырда өтті. Бірде-бір кандидат 50% жинай алмады. Түркияның қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған президенттік сайлаудағы дауыстарды санау кезінде жәшіктердің 100% ашқаннан кейін 49,35% дауыс жинағаны белгілі болды. Ал оппозицияның атынан түскен кандидат Кемал Кылычдароғлы 45% дауыс жинаған.
Кандидаттардың ешбірі 50% жинай алмағандықтан, сайлаудың екінші кезеңін өткізу туралы шешім қабылданды.