Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар контрафактілік өнім сататындардың үстінен жасырын шағым түсіре алады

Қазақстандықтар енді контрафактілік темекі сататындардың үстінен анонимді түрде шағым түсіре алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Шағымды тегін Naqty onim қосымшасы арқылы жіберуге болады, қосымша App Store мен Play Market-те қолжетімді. Шағымдану механизмі өте қарапайым: қосымшаны жүктеп алып, темекі қорабының сыртындағы DataMatrix кодын сканерлеу керек. Егер өнім түпнұсқа болса, қосымшада өндірілген ел туралы ақпарат пен импорттаушы туралы ақпарат шығады, сондай-ақ осы темекі қорапшасының жүріп өткен жолы толығымен көрсетіледі. Егер кодты оқу мүмкін болмаса немесе "код жүйеде табылмады" деген ақпарат көрсетілсе, сатып алушы қосымша арқылы тікелей уәкілетті органға хабарласа алады.

Сондай-ақ пакетте сандық кодтар болмаса да шағымдана алады. Қосымшаға бұдан былай жеке деректерді енгізудің қажеті жоқ. Сонымен қатар азаматтар шағымға электронды қолтаңбамен қол қоймайды. Бірыңғай оператор шағым беру механизмін өзгертті, қазір шағымды жасырын түрде де жіберуге болады.

"Қазақстандықтардың жоғары азаматтық белсенділігін ескере отырып, біз немқұрайлы сатушылардың үстінен жасырын түрде шағым беру мүмкіндігін енгізуді ұйғардық. Бір нұсқа бізге заңсыз өнімдерді әкелумен күресті күшейтуге мүмкіндік береді, оның үстіне тұрғындардың жеке деректерінің сақталуы жөніндегі сұранысын қанағаттандырады", – деді бірыңғай оператордың жоба жетекшісі Назгүл Тұрашева.

Егер сатушының кінәсі дәлелденсе, ол ескерту алады. Бір жыл ішінде екінші рет заң бұзған жағдайда акциздік тауарлары тәркіленіп, лицензиядан айырылады. Сондай-ақ шағын кәсіпкерлік субъектісіне 150 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектісіне 500 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. 

Елімізде темекі өнімдерін міндетті түрде таңбаланғанымен, контрабандашылар өз тауарларын Қазақстанға заңсыз әкелуін жалғастыруда. 2024 жылдың наурыз айында қазақстандық шекарашылар құны миллиард теңгеге тең темекі контрабандасының жолын кесті. Ал NielsenIQ агенттігінің 2023 жылға арналған мәліметі бойынша, Қазақстандағы темекінің әрбір оныншы қорабы елге заңсыз әкелінген.

Айта кетейік, осы функционалдылық негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің қолдауымен "Көшірмені суретке түсіріп, миллион теңге ұтып ал" акциясы өткізілуде. Акция туралы толығырақ https://www.datamark.kz/ сайтында.

Талқылау