Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар қандай шарттар негізінде зейнетақы жарналарын тұрғын үй депозитіне пайдалана алады

Қазақстандықтар қандай шарттар негізінде зейнетақы жарналарын тұрғын үй депозитіне пайдалана алатыны жайлы "Отбасы банк" АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова айтып өтті. Зейнетақы жинақтарын тұрғын үй депозитіне пайдалануға рұқсат беру ережелеріне ұсыныстары барын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ережелерді әзірлеуші негізінен Индустрия министрлігі, біз де белсенді ретінде қатысып отырмыз. Адамдарға ақша жинауға көмектесетін осындай үш ауқымды түзетулер енгізіледі. Ең алдымен, біржолғы зейнетақы төлемдерін депозитке пайдалануға рұқсат беру мәселесі қарастырылуда. Егер бұған дейін 45 күн ішінде мұндай депозит міндетті түрде несиеге айналып кетсе, қазір шамамен 10 жылға дейін ұзаруы мүмкін, бірақ бұл әлі талқылануда. Мемлекеттік органдар мерзімді азайтуға ұсыныс жасайтын шығар, бірақ біздің ұсынысымыз 10 жылға дейін депозиттерде соманы қалдыра алатындай ету, осылайша қаржы жинақтауға мүмкіндік беру", – деді Ләззат Ибрагимова BaigeNews.kz порталына берген түсініктемесінде.


Қазақстанда 2022 жылғы зейнетақы мен ең төменгі жалақының мөлшері аталды 


Айтуынша, азамат депозитті жапқысы келетін жағдай туындаса, салған ақшасы қайтарылады. 

"Егер сіз зейнетақы жинақтарын осындай депозитке аударсаңыз, бірақ кейін сізге пәтер қажет болмай қалса,  депозитті жапқыңыз келсе, онда біз сізге өзіңіз салған соманы қайтарамыз, ал БЖЗҚ-дан келген сома сол жаққа қайтарылады, өйткені бастапқыда бұл сома зейнетақыға тиесілі болды", –  деп түсіндірді Ләззат Ибрагимова. 

Талқылау