Еңбек министрі қызметкерлердің жұмыс кестесін өзгерту мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтардың жұмысқа бір сағат ерте шығу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Еңбек министрінің мәлімдеуінше, бұл жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы шартқа байланысты.
“Бізге көптеген өтініштер түседі, біз оларға жауап береміз. Жұмыс беруші мен жұмысшы арасында шарт жасалады, ал жұмыс кестесін екі тарап жасайды. Қараңғыда жұмыс істегісі келмесе, жұмыс берушімен келіссөз жүргізіп, жұмыс кестесін қайта қарауына болады. Негізі бұл қиын сұрақ емес", – деді Светлана Жақыпова үкіметте өткен брифингте.
Оның айтуынша, жеке және бюджеттік ұйымдарға тиісті ұсыныстар жолданған.
“Біз ұсыныстарды жібердік, яғни жұмысты бір сағат бұрын бастауға болады. Негізі келісім екі жақты жасалады, бұл Еңбек кодексінде, заңға сәйкес көрсетілген”, – деді министр.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"