Қазақстандықтар енді Қырғызстанда 90 күннен артық қала алмайды
Қырғызстанда ЕАЭО елдерінің азаматтары 90 күннен кейін уақытша тұруға рұқсат алуға міндеттелмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: gov.kg
Қырғызстан аймағында жеке мақсатта 90 күн болған ЕАЭО елдерінің азаматтары уақытша тұруға рұқсат алуы керек. Бұл туралы Қырғыз Республикасының Цифрлық даму министрлігі мәлімдеді.
Ал Әзірбайжан, Грузия, Молдова және Тәжікстан азаматтары 60 күннен кейін тұруға рұқсат алуы шарт.
Бұған дейін ЕАЭО елдерінің (Армения, Беларусь, Қазақстан, Ресей) азаматтары Қырғызстанда алты ай бола алатын.
Енді тіркелмеген азаматтар 60 немесе 90 күннен кейін кетуге мәжбүр болады.
Олар сәйкесінше 60 немесе 90 күнтізбелік күннен кейін ғана қайта кіре алады.
Еске салсақ, бұған дейін Қырғызстанда қазақстандық кәсіпкерге іздеу жарияланғаны туралы жазған едік.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған