Қазақстандықтар Ashyq қосымшасындағы мәртебесін QR кодсыз тексере алатын болды
Қазақстандықтар Ashyq қосымшасында өз мәртебесін QR кодын сканерлемей-ақ тексере алатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол үшін “жеке парақша” бөліміне ЖСН-ді енгізу арқылы бағдарлама кіру қажет. Бұл туралы "Нұр-Сұлтан" тұрақты даму орталығының IT-сәулетшісі, "Digital Innovation & Transformation" ЖШС директорының орынбасары Виталий Пустовойтенко мәлімдеді.
“Бүгінгі күннен бастап Android қолданушылары үшін жаңа жүйе қолжетімді. Жақында ол iOS жүйесінде пайда болады”, - деді ол.
Негізінде осыған дейін, Ashyq-пен жұмыс істейтін мекемеге кіру үшін қазақстандықтар QR кодын сканерлеп, оны кіреберісте қызметкерлерге ұсынуы керек болатын.
Ashyq қосымшасында "қызыл" мәртебеге ие қазақстандықтарды қандай жаза күтіп тұр
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін
Блогердің видеосы қоғамда түрлі пікір туғызды
Қызметкерлердің құқығы күшейеді, грант иегерлерінің тізімі шығады: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
Әзірге бұл өзгеріс қарапайым азаматтарға әсер етпейді