Қазақстандықтар 1 қаңтардан бастап саусақ іздерін тапсыруға міндеттелді: Ішкі істер министрлігі түсіндірді

Қазнетте тараған "Қазақстандықтар саусақ іздерін тапсыруға міндеттелді" деген ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Осыған дейін, 1 қаңтардан бастап қазақстандықтар саусақ іздерін тапсыруға міндеттеледі деген ақпаратқа қатысты ішкі істер министрлігі түсініктеме берді. Министрліктің баспасөз қызметі саусақ ізін тапсыру уақытының заң аясында өзгертілгенін хабарлады. 

"2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақстандықтар саусақ іздерін тапсыруға міндетті" деп таратқан ақпарат ескі ақпарат екенін және шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз. ІІМ Көші-қон қызметі комитеті өкілінің сұхбатын тілші 22 қазанда жазып алған. Кейін осы рәсімді қолданысқа енгізу мерзімін ауыстыру туралы шешім қабылданды", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. 

Бұған дейін "Еуразия" телеарнасы қазақстандықтарға саусақ іздерін тапсыру  керек екені туралы хабарлаған болатын. Журналистердің айтуынша, рәсім жеке куәлікті алғаннан кейін міндетті болады.



"16 жасқа толған барлық қазақстандықтар саусақ іздерін тапсырады. 12 жастан бастап - тек ата-анасының немесе қамқоршысының келісімімен саусақ ізі алынады. Бас тартқаны үшін оларға 5 АЕК айыппұл салынады", - делінген хабарламада.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр