Қазақстандық зілтеміршілер халықаралық турнирде 4 алтын жүлде жеңіп алды
Фото: ҰОК
Қазақстандық зілтеміршілер Қырғызстанның Бішкек қаласында өткен халықаралық турнирде жоғары деңгейде өнер көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
65 келі салмақта сынға түскен Ақмолда Сайрамкез тамаша нәтиже көрсетіп, алтын медальға ие болды. Ал 77 келіде Аянат Жұмағали да турнир барысында үздік өнер көрсетіп, жарыс чемпионы атанды.
Сондай-ақ тағы бір отандасымыз Сания Орманбаева 86 келіге дейінгі салмақта топ жарса, Ақерке Байманап 86 келіден жоғары салмақта жеңіске жетті.
Бұдан бөлек, 77 келі салмақта өнер көрсеткен Марта Давлетиярова алтын жүлдеге бір қадам жетпей, күміс медальді қанағат тұтты.
Осылайша Қазақстан ұлттық құрамасы аталмыш турнирде жалпы 4 алтын және 1 күміс жүлдеге қол жеткізді.
Некеге тұрып, үйін иемденіп, өзін өлтірген: Қазақстанда "қара риэлторлар" қалай әрекет етеді
"Қара риэлторлар" ісі бойынша қанды істерді зерттедік
Декретте отырған ананы қай ел көбірек қолдайды? Қазақстанда жаңа заңға сәйкес декреттік төлемдер қалай өзгереді
2027 жылдан бастап жәрдемақы тағайындаудың жаңа тәртібі енгізіледі

