Қазақстандық жас теннисші Мексикадағы турнирде топ жарды
Қазақстандық жас теннисші Әмір Омарханов Мексикада өткен жарыстың жеңімпазы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мексиканың Мерида қаласында жасөспірімдер арасында бірінші санаттағы ITF J500 турнирі аяқталды. Жарыста қазақстандық теннисші жеңімпаз атанды. Әмір Омарханов Ресейлік Тимофей Дерипаскомен бірге жұптық сайыста жеңіске жетті. Финалда Әмір мен Тимофей турнирдің бірінші нөмірлі спортшылары – чехиялық Петр Брунлик пен британдық Чарли Робертсонды 6:4, 6:1 есебімен сенімді түрде ұтты.
Айта кетейік, жекелей сында Омарханов жартылай финалда француз Томас Фурельге 2:6, 3:6 есебімен жол берді.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ыншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды

