Қазақстандық жас теннисші ITF Juniors сериясы турнирінің титулына ие болды
14 жастағы қазақстандық Словакияның Трнава қаласында 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасында ITF Juniors сериясы турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Финалда Заңғар словакиялық теннисші Даниэль Балашекті 6:4, 3:6, 6:2 есебімен жеңді.
"Барлық матч қиын болды, бірақ мен ITF дебюттік титулын жеңіп алғанымды мақтан тұтамын. Мен үшін бұл маңызды оқиға", – деді Заңғар.
Өткен жылы қазақстандық жас теннисші Tennis Europe рейтингінің үздік ондығына кіріп, көш бастады. Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап Заңгар ересек жас санатына көшті және қазір ITF Juniors турнирлерінде өнер көрсетеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі

