Қазақстандық вакцина бала көтеруге көмектесе ме: Маман жауап берді
Бала көтере алмай жүрген онға жуық келіншек вакцина салғызған соң, аяғы ауыр болғанын мәлімдеген. Бұл ақпаратқа қатысты мамандар түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия" арнасына сілтеме жасап.

Алматы және Тараз қаласындағы онға жуық келіншек вакцинаны салдырған соң жүкті болған. Тіпті бірі 20 жылдан астам уақыт бала көтере алмай жүрген екен.
"Ол вакцинадан да болуы мүмкін. Бірақ басқа да жағдайлар әсер етуі әбден мүмкін. Дегенмен мұндай жағдайлар тіркелгенін растаймыз", - дейді биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья.
Алайда осы дерекке нақты екпенің қатысы бар я жоқтығын әзірге дәлелдеу қиын, дейді мамандар. Өйткені жүкті келіншектер клиникалық зерттеулерге қатыспайды.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық вакцинаға шетелдік мамандар қызығып жатқаны белгілі болған еді.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген