Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық туристерді ПТР-анықтамасыз ұшақ бортына отырғызбау ұсынылды

Туристік операторлар қауымдастығы ПТР-тесті бойынша анықтамасы жоқ қазақстандықтардың рейске отыруына жол бермеуді ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Sputnik Қазақстанға" сілтеме жасап.

Құжат әлеуметтік желіде тарады.

"Авиакомпаниядан Қазақстанға 20 наурыздан бастап Мысыр, БАӘ, Мальдив, Шри-Ланка және Түркиядан ұшып келетін туристерден ПТР-тестілеуден өткені туралы анықтаманың болуын талап етуді сұраймыз. Теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткені туралы анықтаманы ұсынбаған туристерді Қазақстанға ұшуға жібермеулеріңізді сұраймыз", - делінген құжатта.

Аталған құжаттың түпнұсқа екенін қауымдастық төрағасы Инна Рей растады.

"Бұл құжатты авиакомпанияға қазақстандықтар ПТР-сынамысының анықтамасы болмаған жағдайда бортқа отыра алмауы үшін жібердік. Түсінесіздер ме, туристер сау ма, жоқ па білмей, адамдармен ұшақта ұшу дұрыс емес. Барлық жолаушылар өз қауіпсіздігіне сенімді болуы керек", - деді Инна Рей.

Ол бұл мәселені әлі қарастырып жатқанын айтты. Соңғы үкімді билік шығарады.

"Бірақ, сеніңіз, бұл құжат міндетті түрде қабылданады. ПТР-тест тапсыру жолдама құнына кіреді. Қазір шетелде ПТР тесттерін тапсыру нұсқалары қарастырылуда. Мүмкін, туроператорлар қызметкерлердің қонақ үйлерге келуін ұйымдастырады немесе туристерді ПТР-тест тапсыру орындарына апарады. Бұл қалай болатынын әр авиакомпания өзі шешеді. Идея - Қазақстанға шетелден коронавирустың әкелінуіне жол бермеу. Өздеріңіз көріп отырсыздар, тағы да "қызыл" аймаққа көштік, локдаун қаупі бар. Біз бұл жағдайдың өршігенін қаламаймыз. Қайталап айтамын, ПТР-тест құны жолдама құнына кіреді", - деп атап өтті Рей.



Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде бұл мәселе бойынша шешім қабылданбағанын мәлімдеді.

"Біз бұл құжат туралы білеміз, бірақ ол туралы шешім әлі қабылданған жоқ. Егер ол қабылданса немесе жеке қаулы болса, біз міндетті түрде ресми ақпарат береміз", - деді комитет өкілі Ержан Байтанаев.

Айта кетйік, 26 қазаннан бастап Қазақстанға халықаралық авиарейстермен келетін барлық жолаушыларға жарамдылық мерзімі 72 сағаттан аспайтын COVID-19 тестінен өткені туралы анықтама болуы міндеттелді.

Бір тесттің орташа бағасы - 7 мың теңге.

Бұған дейін елімізде сырттан келген отандастарымызға ПТР тесті анықтамасының құнын өз қалтасынан төлету жоспарланып жатқаны хабарланды.

Талқылау