Қазақстандық теннисшілер "Уимблдон" турниріне іріктеу кезеңінің финалында жеңіліп қалды
Қазақстандық теннисшілер Лондонда өтіп жатқан "Уимблдон" турнирінің іріктеу кезеңінің финалына шығып, жеңіліп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Қазақстандық теннисшілер Михаил Кукушкин, Денис Евсеев, Бейбіт Жұқаев "Уимблдон" турнирінің іріктеу кезеңінде финалдық матчқа жолдама алып, қарсыластарына есе жіберіп қойды. Кукушкин финалда Хьюго Гастонмен кездесіп, ұтылып қалса, Евсеев бельгиялық Зизу Бергстен айласын асыра алмады. Ал Бейбіт француз Кентен Галидан айласын асыра алмай, жеңіліс тапты. Осылайша отандастарымыз "Уимблдон" турнирінің негізгі айналымында өнер көрсету мүмкіндігінен айырылды.
Айта кетейік, қазақстандық теннисшілерден Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Александр Бублик пен Александр Шевченко, жұптық сында Анна Данилина мен Александр Недовесов "Уимблдон" турнирінің негізгі айналымында бақ сынайды.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған

