Қазақстандық теннисші Португалиядағы турнирдің жеңімпазы атанды
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Португалиядағы ITF W35 турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Беларусь спортшысы Юлия Готовкомен жұптасып, Португалияда өткен ITF W35 турнирінде жеңіске жетті. Жібек пен Юлия финалда ресейлік Полина Яценко мен бельгиялық Ханне Вандевинкель жұбын 6:3, 1:6, 10:4 есебімен жеңді. 24 жастағы Жібек Құламбаева мансабында Халықаралық теннис федерациясы (ITF) аясында өткен жарыстарда жеке сында 5 рет, ал жұптық сында 32 мәрте жеңіске жетіп, жалпы 37 жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін Жібек Құламбаева Аргентинада өткен ITF W50 турнирінің ширек финалына дейін жеткенін жазған едік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

