Қазақстандық теннисші Анна Данилина АҚШ-тағы турнирдің жеңімпазы атанды
Қазақстандық Анна Данилина микстен алғаш рет US Open турнирінің чемпионы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан теннис федерациясы
Анна Данилина аралас жұпта финалда финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге жарыстың 1-ракеткалары, америкалықтар Джессика Пегула – Остин Крайчекпен бас жүлдені сарапқа салды.
Бірінші партияда брейк жасаған қазақстандық-финляндиялық жұп сол басымдықты сақтап қалды – 6:3.
Олар екінші сетті де брейкпен бастағанымен, америкалықтар таразы басын теңестірді – 2:2. Содан кейін Анна мен Харри тағы бір брейкке қол жеткізіп, матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4. Олар бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында 7 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды.
Осылайша, Анна Данилина қазақстандық теннисшілерден алғаш рет микстен "Үлкен дулыға" турнирінің жеңімпазы атанды.
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған
Қазақстандық анасы қайтыс болған соң Мысырға алған турынан бас тартып, ақшасын толық қайтара алмай жүр
Галина: "Неге Қазақстан заңнамасында мұндай жағдайда ақшаны қайтарудың орнына негізсіз айыппұл салады?"