Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Уимблдон жасөспірімдер турнирінің жұптық сайысында ширек финалға шықты
Фото: ҚТФ
Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Уимблдон жасөспірімдер турнирінің жұптық сынында 1/4 финалға шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстандық 17 жастағы теннисші Әмір Омарханов 2025 жылғы Уимблдон жасөспірімдер турнирінде сәтті өнер көрсетіп жатыр. Ол жұптық сында ресейлік Егор Плешивцевпен бірге жарысқа қатысуда.
Бірінші айналымда Омарханов пен Плешивцев америкалық Маттис Фарзам мен Гэвин Гүүд дуэтін 6:3, 7:5 есебімен жеңіп, жарысты сәтті бастады. Ал 1/8 финалда қазақстандық-ресейлік жұп Ресейден Тимофей Дерепаско мен Италиядан Джакопо Васами жұбын 6:3, 6:2 есебімен айқын басымдықпен ұтып, ширек финалға жолдама алды.
Осылайша, Әмір Омарханов биылғы маусымда Уимблдон турнирінің бұл кезеңіне дейін жеткен жалғыз қазақстандық спортшы атанып отыр.
Айта кетейік, ересектер арасындағы негізгі жарысқа Қазақстан атынан Елена Рыбакина, Бейбіт Жукаев, Александр Бублик, Александр Шевченко, Юлия Путинцева және Анна Данилина қатысқан болатын, алайда олардың ешқайсысы ширек финалға өте алмады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік

