Қазақстандық теннисші алғаш рет ATP 250 турнирінің чемпионы атанды
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Александр Недовесов Бастад (Швеция) ATP 250 турнирінің чемпионы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге финалда португалиялық Франсишку Кабраль – бразилиялық Рафаэль Матоспен бас жүлде үшін сынға түсті.
А.Недовесов пен Г.Эскобар екі сетте де 6:2, 6:2 есебімен басымдылық танытты. Олар бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында 1 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Қарсыластары 3 эйс, 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) шектелді.
Осылайша, А.Недовесов өз спорттық жолында алғаш рет ATP 250 жарысының жеңімпазы болды. Бұған дейін ол төрт мәрте финалға шығып, бәрінде жеңіліс тапқан еді.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді