Қазақстандық спортшы Жапониядағы турнирде қарсыласын бір соққымен сұлатып салды
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қаршыға Дауытбек Жапониядағы турнирде қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айта кетейік, Қаршыға Дауытбек шаршы алаңдағы он төртінші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ол үш мәрте қарсыластарына есе жіберген еді. Қазір жеті жекпе-жек қатарынан жеңіп келе жатыр.

