Қазақстандық спортшы стенд атудан олимпиада жолдамасына ие болды
Стенд атудан Қазақстан құрамасының мүшесі Әсем Орынбай Парижде өтетін олимпиада ойындарының жолдамасына ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Әсем Орынбай Париждегі олимпиада ойындарына іріктеуден өтіп, төртжылдықтың басты додасында өнер көрсету құқығына ие болды. Отандасымыз жаңартылған әлемдік рейтинг бойынша жолдама алды. Ол рейтингтегі бірінші орынын сақтап қалды. Әсем Орынбай Париждегі дүрмекте "скит" бағдарламасы бойынша сынға түседі.
Айта кетейік, стенд атудан Қазақстан құрамасы сапында Мария Дмитриенко мен Эдуард Ещенко олимпиадалық іріктеуден өтіп, Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алған еді.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес": Астанада туристің видеосына түскен полицейлердің жұмыстан шығуы заңды ма
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды

