Қазақстандық спортшы Азия чемпионатында 400 метрге жүгіруден үздік нәтиже көрсетті
Қазақстандық спортшы Михаил Литвин 400 метрге жүгіруде үздік нәтиже көрсетіп, жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Х Азия чемпионатының келесі кезеңіне өтті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол 47,15 көрсеткіште келді. Енді сенімді түрде үздік үштік пен медаль үшін таласатын болады.
Сонымен қатар 400 метрге жүгіруде Қазақстан құрамасының спортшылары Элина Михина мен Александра Залюбовская тамаша нәтиже көрсетті. Олар да іріктеу кезеңінен өтіп, жүлделеріне сенімді қадам басып келеді.
Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі 10-шы Азия чемпионаты басталған болатын. Мұндай деңгейдегі чемпионат Қазақстанда алғаш рет өтіп жатыр және оған әлемнің 31 елінен 359 спортшы қатысуда.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"

