Қазақстандық спортшы әлемнің ең үздік тұжырымының экс-чемпионымен жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Артем Резников әлемнің ең үздік тұжырымдарының бірі саналатын АСА лигасының экс-чемпионымен жұдырықтасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: АСА
"Спартак" лақап атымен танылған спортшы әлемдік рейтингте 2-орында тұрған АСА тұжырымында кезекті жекпе-жегін өткізеді. Кейінгі екі кездесуінде жеңіліп қалған Резников тұжырымның бұрынғы уақытша чемпионы Мухаммед Коковқа қарсы сынға түседі. Отандасымыз 28 маусым күні, Сочи қаласында өтетін АСА 177 турнирінің басты жекпе-жектерінің бірінде жұдырықтасады. Жекпе-жек 70 келі салмақ дәрежесінде өтеді.
Айта кетейік, Артем Резников шаршы алаңда 32 жекпе-жек өткізіп, 24 кездесуде қарсыластарынан басым түссе, Коков 31 жекпе-жектің он тоғызында жеңіп, он екісінде жеңіліп қалған.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген

