Қазақстандық сәнгер Лилия Рах ресейлік телеарнада "Модный приговор" телешоуын жүргізбек
Белгілі қазақстандық байер, сән сарапшысы және блогер Лилия Рах Ресейдің Бірінші арнасындағы "Модный приговор" телешоуының жүргізушісі атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сәнгер бұл жаңалығын 15 сәуірде Instagram-дағы парақшасында бөлісті.
"Достар, сіздерге өмірімнің жаңа кезеңін бөліскеніме қуаныштымын. Енді мен "Модный приговор" бағдарламасының жүргізушісімін! Бірінші арнада кездескенше! Шын жүректен, Лилия Рах!", – деп жазды ол.
Желі жазылушылары сәнгерге құттықтау сөздерін жаудырды.
“Қандай керемет жаңалық, құттықтаймын!”, “Керемет, біздің кезекті мақтанышымызға айналған жерлесіміз”, – десе, енді бірі сынай пікір қалдырды.
“Бұл сізге не үшін керек? Өміріңіздің ең жаман бастамасы болады”, “Одан күтпеген едім, шынымен ақшаның иісі шығып тұрған жоқ па?”, “Өзін сыйлайтын адам ресейлік Бірінші арнаға бармайды”, – деді олар.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан