Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Салтанат қайтып келмейді": Иван Бреусов марқұм Нүкеноваға ән арнады

Танымал “101” тобының әншісі, музыкант Иван Бреусов күйеуінің қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкеноваға ән арнады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/ivan_breussov/

Өнер иесінің туындысы “Жасырма” деп аталады. Өнер иесі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған бойжеткеннің өлімін аса ауыр қабылдаған. 

"Салтанатқа ұзақ уақыт бойы қоғамның дертіне айналған әділетсіздіктің символы болу бұйырып тұрған шығар?! Салтанаттың барша жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Жаратушы сіздерге күш берсін. Кінәлі адам жазаланып, әділдік орнасын. Бірақ оның өзі Салтанатты қайтарып бермейді. Бұл жағдай маған да ауыр тиді. Барлық Қазақстан сіздерді қолдап отыр”, – деп күйінді музыкант. 



Сондай-ақ әйелді ұруға, оны балағаттауға жол бермеу – ер-азаматтың міндеті екенін айтып өтті. 

“Менің басқа алып-қосарым жоқ. Мен тек сіздерге бұрында жазып қойған әнімді ұсынғым келді. “101” тобы орындаған еді. Бұл туынды Салтанаттың жағдайына сай келіп, ішкі-күйінен хабар беріп тұр. Жалпы ер азаматтары тарапынан әділетсіздікке ұшыраған әйелдерге арналған десем де болады. Әйелдер құқығы қорғалу керек. Сонда ғана біз демократиялы ел болмақпыз", – деп жазды Бреусов. 

Еске салайық, Виолончелист Бағжан Октябрьдің марқұм Салтанат Нүкеноваға арнаған композициясы желіге тарады.

 

Талқылау