Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық мұнай Ресейдегі санкциялар әсерінен тасымалдау қиындықтарына тап болды

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) Ресейге қарсы санкциялар аясында мұнай тасымалдау процесінде қиындықтарға тап болды. Қазақстанның Энергетика министрлігі мәселенің егжей-тегжейін анықтап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

БАҚ беттерінде Ресейге қатысты санкциялар қазақстандық мұнай экспорттаушыларына теріс әсер ететіндігі туралы ақпарат пайда болды. 

Мәліметтерге сүйенсек, Қазақстандық мұнай ресейлік экспортқа қатысты қиындықтарға тап болды. Бұл туралы Reuters басылымына анонимді ақпарат көзі мәлімдеді.

Трейдерлердің айтуынша, мұнайдың 1,2%-ы Қазақстаннан әлемдік нарыққа тасымалданатын КҚК мұнай құбыры соңғы күндері ресейлік санкцияларға байланысты проблемаларға тап болды. Оның себебі сатып алушылар ресейлік мұнаймен араласатын және Ресей портынан тиелетін мұнайды сатып алғылары келмеуінде.

Энергетика министрлігі ақпаратқа қатысты түсініктеме кейінірек беретіндерін хабарлаған. Консорциум Ресейдің Новороссийск портынан мұнай экспорттап, оны ресейлік сорттармен араластырады, бұл сатып алушылардың көпшілігін үрейлендіреді және кемелерді сақтандыруды қиындатады.

Каспий құбыр консорциумы тәулігіне шамамен 1,2 млн баррель мұнай жөнелтеді, бұл Chevron (CVX.N), Exxon Mobil (XOM.N), Eni және Shell (SHEL.L), сондай-ақ Ресей әзірлейтін қазақстандық кен орындарынан әлемдік жеткізілімдердің 1,2%-ы.

Өз кезегінде "Теңізшевройл" бағытындағы ірі экспорттаушы коммерциялық мәселелерге түсініктеме беруден бас тартты. Алайда мұнай өндірісі мен экспорты әлі де қалыпты режимде жалғасып жатқанын атап өтті.

Талқылау