Қазақстандық миллиардер "Қайрат" командасының жаңа иесі атануы мүмкін – БАҚ
Қайрат Боранбаевтың орнына Тимур Турлов Алматылық "Қайрат" командасының жаңа иесі болуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарао агенттігі Sport.ru басылымына сілтеме жасап.

Тимур Турлов – Freedom Holding Corp. инвестициялық тобының негізін салушы және мажоритарлық иесі. 2022 жылдың мамырына ол Forbes нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең бай 50 адамның тізіміне енген.
Freedom Finance 2020 жылы қарағандылық "Шахтер" командасының демеушісі болған, қазір Super Bol жобасының бас демеушісі атанды.
Ал "Қайраттың" қазіргі иесі Қайрат Боранбаев 15 наурыздан бері қамауда отыр. Ол квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде ақша ұрлады деген күдікке ілінген.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”