Қазақстандық мерген әлем кубогының қола жүлдегері атанды
Қазақстандық мерген Александра Ле Үндістанның Бхопал қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден жүлдеге ие болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Александра Ле әлем кубогының кезеңінде 10 метрден пневматикалық винтовкамен оқ атудан жүлде алды.
Қазақстандық мерген сайыста 261.2 ұпай жинаған.
Мадхья-Прадеш штатындағы бұл жарысқа әлемнің 31 елінен 208 таңдаулы спортшы жиналды. Бұл қатарда 18 қазақстандық бар. Әлем кубогының кезеңі 27 наурызда аяқталады.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған

