Қазақстандық мектеп оқушылары қысқы каникулда қанша күн демалады
Қазақстанда оқушылардың қысқы демалысы 8 қаңтарға дейін жалғасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, қазақстандық оқушылар қысқы каникулда 9 күн демалады.
"Оқушыларымыздың қысқы каникулы 2022 жылғы 31 желтоқсан мен 2023 жылғы 8 қаңтарға дейін жалғасады", - делінген хабарламада.
Айта кетсек, осы аптада қазақстандық мектеп оқушылары сегіз аптаға созылған екінші тоқсанды аяқтап жатыр.
Жалпы алғанда, биылғы оқу жылының ұзақтығы 2-11 сынып аралығындағы балалар үшін 36 аптаға, 1-сынып оқушылары үшін 35 аптаға созылады.
Тазы мен төбеттің қазақ үшін қадірі неде және тұқымы қалай сақталып келеді
Соңғы жылдары Қазақстанда тазы мен төбетті сақтау және олардың санын көбейтуге бағытталған жұмыс күшейген
Су жаңа Құрылтай қалай жұмыс істейді және заң қалай қабылданады
Сарапшының пікірінше, бір палаталы жүйе заң қабылдауды жеделдетуі мүмкін