AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық қыз сүйіктісі порно видео таратқан соң пәтерінен секіріп мерт болған: Ер адам қылмысқа қатысы жоқ деп танылды

Ұлыбританияда бірнеше жыл бұрын болған қазақстандық қызға қатысты қылмыстық іс жалғасын тапты. Сүйіктісінен кек алу мақсатында оған қатысты порно видеоны таратып жіберген ер адам қайғылы оқиға кезінде марқұмның қасында болмағандықтан тергеу оны қылмысқа қатысы жоқ деп таныды. Бұл туралы BBC-ге сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Дамели Жүсіпалиева 2017 жылы Лондондағы пәтерінен 24 метр биіктіктен құлап кеткен. Бұл әрекетін жас қыз бұрынғы жігіті порнографиялық видеоны таратқан соң жасаған.

21 жастағы Қазақстаннан шыққан Дамели Жүсіпалиева 2017 жылдың 3 маусымында қайтыс болды. Экс-жігіті Алессио Бьянки қыздың отбасына оның кокаин қабылдап жатқаны түсірілген суреттер мен видеоны көрсетемін деп қорқытқан. Бір апта өткен соң жас қыз өзіне қол жұмсаған.

Сержант Эмма Кирби 21 жастағы марқұмның өз топтасы Алессио Бьянкимен өзіне зиян тигізетін қарым-қатынаста  болғанын айтты.

Тергеуші қайғылы жағдай оның отбасымен қарым-қатынасы, есірткі, алкоголь қолдануы оқуына, жігітімен қарым-қатынасына қатысты болғанын айтады.

Олар Лондондағы Риджентс университетінде бірге оқыған.

"1 маусымға қарай оның психикалық жағдайы едәуір нашарлады, ал 3 маусымда оның экс-жігіті сүйіктісі өзіне қауіп төндіретін жағдайда деп мәлімдеген. Полиция 3 маусымда қыздың үйінде бірден келіп жеткенімен, Дамелиді аман алып қала алмады", – деді тергеуші Ричмонд.

Оның айтуынша, сағат 01:22-де Жүсіпәлиева Пэддингтондағы пәтерінің терезесінен құлаған.

Сержант Кирби сотта Қазақстаннан келген қыздың өзіне қатысты ашық сипаттағы видео жайлы білгенін хабарлаған. Ол видеода қыз телефон будкасында жыныстық қатынасқа түскен. 30 жастағы Бьянки досына бұл видеоны таратуды сұраған. 

Сауд Арабиясының Джидда қаласында дүниеге келген Бьянки бұған дейін тергеушіге 2017 жылдың мамыр айында Жүсіпәлиеваның  жыныстық қатынасқа түскен видеосын досына жібергенін айтқан.

Тергеушілердің айтуынша, жұп порно видеоға қатысты туындаған проблеманы шешіп, қарым-қатынастарын қайта жандандырған.

“Университетте ол ағылшын тілінде өте жақсы сөйлейтін. Оның ноутбуктағы және телефонындағы жазбаларынан ағылшын тілін өте жақсы білгенін байқауға болады”, – дейді тергеуші. 

Ричмонд сержант Кирби ұсынған деректерді біріктіріп, бұл қайғылы жағдайда үшінші тараптың еш қатысы жоқ деген шешімге келген. Сержант Кирби бейнежазбаларға сәйкес оның қылмысқа қатысы жоқ екенін анықтаған.

2018 жылдың сәуір айында Бьянки Жүсіпәлиеваны ұрып-соғу арқылы азап шегу мақсатында жыныстық сипаттағы жеке суреттер мен фильмдерін жариялады және бір рет шабуыл жасады деп айыпталған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр