Оңтүстік Кореялық поп-топ құрамына қабылданған қазақстандық қыз бір айдан кейін келісімшартты бұзды
20 жастағы қазақстандық Айғаным Жалилова Оңтүстік Кореядағы Alpha Ray жаңа поп-тобына қабылдану үшін көп кезеңді кастингтен өтті. Бірақ топтың тұсаукесерінен бір ай өткен соң, ол лейблмен келісімшартты бұзды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбелік Айғаным Жалинова бірнеше тілде, соның ішінде кәріс тілінде еркін сөйлейді. Ол үнемі өзінің талантымен бүкіл әлемді жаулап алуды армандады. Оңтүстік Кореяда болған екі жарым жыл ішінде ол жергілікті дәстүрлерді жақсы біліп, поп-топтың әншісі ретінде өзін сынап көруге бекінді. Қазақстандық қыз мыңдаған үміткерлер арасында кастингтен өтіп, жетістікке жетті. Бірақ поп-топқа қабылданғанына көп уақыт өтпей, келісімшартты бұзуға тура келді.
Айғанымның айтуынша, мұндай шешім қабылдауға бірнеше себеп болған.
Біріншіден, жаттығу кезінде бойжеткенкен аяғын қайырып алған, сондықтан оған жаттығу жасауға тыйым салынды.
"Өкінішке қарай, олар күткісі келмеді", - деді Айғаным.
Оның айтуынша, жұмыста ол өзіне қатысты қызғаныш пен түсініспеушілікті байқаған.
"Екінші жағынан, мен тағылымдамадан өткен кезде көп нәрсені үйрендім. Мен бір нәрсені түсіндім, Өзіңнен және өз талантыңнан басқа ешкімге сене алмайсың", - деді әнші.
Айғаным тыңдармандарының қолдауымен жинап, жақын арада оларға жақсы жаңалықтар жеткізетініне уәде берді.
"Қазірдің өзінде маған көптеген ұсыныстар келіп түсуде", - деді ол.