Кейбір қазақстандық жүргізушілер айыппұлдың 50%-ын төлеу жеңілдігінен қағылуы мүмкін
Ішкі істер министрлігі бір жылда бес реттен артық ереже бұзған қазақстандық жүргізушілерге жол ережесін бұзғаны үшін айыппұлды 50 пайыздық жеңілдікпен төлеуден айыруды жоспарлап отыр. Бұл жөнінде Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін күнтізбелік жыл ішінде бестен астам әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға 50% жеңілдікпен әкімшілік айыппұлдарды төлеу мүмкіндігін жоюға бағытталған түзетулер әзірлеп жатыр", – деді Мұраталиев Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте.
- Орташа жылдамдық үшін айыппұл: Ішкі істер министрлігі өзгерістерді мақұлдады
- Қазақстанда Әкімшілік заңбұзушылықтар туралы кодекске өзгерістер енгізілді: Көлік жүргізушілері үшін не өзгереді
Айта кетейік, Қазақстанда айыппұл төлеуге 50 пайыздық жеңілдік 2015 жылы пайда болған еді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды