Қазақстандық кәсіпкер-депутат: Коронавирусқа қарсы ұжым болып егілудің маңызы зор
Коронавирусқа қарсы ұжым болып егілудің маңызы зор. Бұл туралы "Отау-Алан" ЖШС директоры Ляна Тұрсынова мәлім етті, деп Stan.kz ақпарат агенттігі Kazinform басылымына сілтеп хабарлайды.

"Пандемиямен бүкіл әлем болып күресіп жатқандықтан, ұжым болып егілу қажет-ақ. Бұл үшін бұйрық күтудің керегі жоқ. Біздің мекемеде 60 адам қызмет етеді. Олардың алды мамырда, соңы маусымда коронавирусқа қарсы түгелдей екпе алыр үлгерді. Сондықтан қоғамдық тамақтандыру саласында қызмет ететін барша әріптестерімді егілуге шақырамын. Өйткені біздің денсаулығымыз өз қолымызда", – деді Ляна Тұрсынова.
Оның айтуынша, қоғамдық тамақтандыру саласында жұмыс істегендіктен, халыққа қызмет көрсетуге тура келеді. Сол себепті індетті таратпаудың жауапкершілігін сезіне білу қазіргі кезеңде аса маңызды.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр