Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық кәсіпкер Андрей Лаврентьев "АрселорМиттал Теміртаудың" жаңа инвесторы атанды

Қазақстандық болат және тау-кен өндіруші компанияның жаңа инвесторы кәсіпкер, "Allur компаниялар тобы" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Лаврентев

Бұл туралы үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді. Оның сөзінше, келіссөз кезінде мемлекет активтердің жалпы құнын 3,5 миллиард доллардан 286 миллион долларға дейін төмендеткен. 

“Келіссөз барысында ArcelorMittal компаниясы 3,5 миллиард доллар сұрады, бірақ бұл халықаралық кеңесшілердің есебімен сәйкес келмеді. Сондықтан келіссөз процесі ұзаққа созылды. Сонымен қатар біздің мақсатымыз комбинатты қымбат әрі халықаралық сот процесін өткізбей-ақ әділ бағаға сатып алу еді”, – деді ол. 

Келіссөз 11 раундтан тұрған, оның 7-і өнеркәсіп пен құрылыс министрлігі қыркүйекте құрылған соң өткен. Дәл осы кезеңде қос тарап та өз принциптерін айқындады, дейді Шарлапаев. 

“Қазақстан үкіметі мен ArcelorMittal арасындағы келісімді мега-келісім деп атауға болады. Келіссөз еліміз үшін аса маңызды. Өзге елдер бетпе-бет келген түрлі қауіп-қатерден аулақ болдық. Келісімдегі негізгі үл элементті атауға болады: 

  • Мемлекет активтердің құнын 3,5 миллиард доллардан 286 миллион долларға дейін төмендетті;
  • Келіссөзді жүзеге асыру үшін бюджеттен бір теңге де жұмсалмады;
  • Жаңа инвестор 4 жыл ішінде ArcelorMittal алдындағы 250 миллион долларға тең қысқамерзімді қарызды және 450 миллион долларға тең ұзақ мерзімді қарызды өтеуі керек”, – деп қосты Шарлапаев. 

Андрей Лаврентьев 1979 жылы 29 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. "АгромашХолдинг" ЖШС және "СарыарқаАвтоПром" ЖШС кіретін "Allur компаниялар тобы"АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы және акционері. Топ автомобильдерді өндірумен және сатумен, сондай-ақ Қазақстан аумағында Chevrolet, KIA, JAC және LADA автобрендтеріне сервистік қызмет көрсетумен айналысады.

Костенко атындағы шахтада 46 шахтер қаза тапқан қайғылы оқиғадан кейін болат компаниясы Қазақстанға меншікке беріледі деп шешілді. 2017-2021 жылдар аралығында АМТ жаңа басшысы Вадим Басин – "АрселорМиттал Теміртау" АҚ директоры тағайындалды.

Кейін үкімет "АрселорМиттал Теміртауды" тек отандық инвесторға беретінін нақтылады. ҚР премьер-министрінің айтуынша, жаңа акционер алдағы үш жылда АМТ-ға 3 млрд доллар инвестициялауы тиіс. Сонымен қатар, ол бірден кем дегенде 1,3 миллиард доллар салуы керек. 

"АрселорМиттал" халықаралық корпорациясы 1995 жылдан бастап Теміртауда кеніштерге иелік етті.

Талқылау