Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпиондарын жеңіп кетті
Ригадағы хоккейден Қазақстан мен Финляндия құрамалары арасындағы әлем чемпионатының матчы сенсациялық нәтижемен аяқталды.

Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталды, ал буллиттер сериясында қазақстандық хоккейшілер жеңісті жұлып әкетті.
Бірінші кезеңді командалар гол соқпады. Екінші кезеңнің ортасында матчтағы есепті финляндиялық Антон Лунделл ашты. Ал екі минуттан кейін қазақстандықтар есепті теңестірді. Кирилл Панюков шайбаны қақпаға дәл көздеді.
Негізі уақыт тең нәтижемен аяқталды. Буллиттер сериясында есеп Қазақстан хоккейшілері үш шайба соғып, жеңіске жетті. Бұл ретте қазіргі әлем чемпиондары бір ғана үпай жинады.
Қақпашы Никита Бояркин біздің құрамадағы үздік ойыншы деп танылды. Ол 50 соққыны қайтарып, кездесудің қаһарманына айналды.
“Қазақша сөйлейтін Диана ханшайым”: Желіде Англияда жүріп қазақ тілінде сөйлеген ару көпті тәнті етті
Лариса: “Ағылшын тілі деңгейім қазақ тіліне қарағанда төменірек”
Неке шарты қазақстандық әйелді ажырасу кезінде қорғай алмаған: Тойға дейін келісімшарт жасау қажет пе?
Неке шартында балалар кіммен қалатыны жазылмайды, оны тек сот шешеді