Қазақстандық гимнастшы Чехиядағы Гран-При турнирінде сынға түседі
Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Айбота Ертайқызы Чехияда өтетін Гран-При турнирге қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ташкентте өткен Азия чемпионатында топ жарған Айбота Ертайқызы Чехияда өтетін Гран-При турнирінің соңғы кезеңінде өнер көрсетеді. 15-16 маусым аралығында Чехияның Брно қаласында өтетін байрақты бәсекеде Қазақстанның атынан тек Айбота ғана сынға түседі. Айбота биылғы маусымда сәтті өнер көрсетіп, Азия чемпионы атанған еді. Бірақ Париж олимпиадасына жолдама иелене алмады.
Айта кетейік, көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасында Париж олимпиадасының бір ғана жолдамасы бар. Шымкенттік Эльжана Таниева Парижде өтетін олимпиада ойындарының лицензиясын жеңіп алған еді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі

