Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ғалымдар омикрон штамына қарсы вакцинаны 2 аптада жасаймыз деп мәлімдеді

ҚР биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья жақын арада омикрон штамына қарсы вакцинаны жаңалауға болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

казвак

"Pfizer" вакцинасы омикрон штамына тойтарыс беретініне кепілдік жоқ. Ғалымдар екпенің індетке қарсы күші төмен екендігін айтты. Бұл вирустың алдыңғы штамдарымен салыстырғанда 32 есеге аз екенін жариялады. Дегенмен COVID-19-дың ауыр өтуінен және өлім-жітімнен қорғауға қабілетті дейді.

Ресейлік "Спутник V" препаратына да тексерістер басталған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы омикрон дельтаға қарағанда қауіпсіз екендігін мәлімдеді. Сондай-ақ COVID-19-дың жаңа формасы науқастарда жеңіл әрі симптомсыз деген ақпарат таратты. Бұдан бөлек, отандық ғалымдар елге бұл штамм келсе, онымен күресуге сақадай сай отыр.

“Қазақстанның ішінде сол штамды институтқа беріп, табылатын болса онда біздер вакцинаны жаңартуға, омикрон штамына  қарсы екі аптаның ішінде оңай істей аламыз. Дегенмен еш өзгеріссіз де біздің "Qaz Vac" вакцинамыз өте жоғары көрсеткіштерді көрсетіп жатыр”, – дейді Күнсұлу Закарья.

Елде эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Жағдайды бағалау матрицасының "қызыл" аймағында бірде-бір өңір қалған жоқ. "Сары" белдеуде: Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары. Қалған өңірлер қауісіз аймақта.

Талқылау