Қазақстандық футболшы бір матчта жеті гол соқты
"Тұран" жастар командасының сапында өнер көрсететін Бақдаулет Зульфикаров “Aqtobe City” командасына қарсы ойында 7 гол соқты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Хромтауда өткен ойын 7:1 есебімен аяқталды. 21 жастағы футболшы пенальтиде екі гол соқты.
"Тұранның" негізгі құрамасы сапында Зульфикаров үш ойын өткізген. Бірі Қазақстан премьер лигасында және екеуі Ел кубогы үшін.
Өткен маусымда футболшы Беларусьтің "Энергетик-БГУ" командасында 4 матч өткізіп, 1 гол соққан. Қазақстанның бірінші және екінші лигасында "Оңтүстік академиясы" және "Қыран" командаларында ойнады.
Астанада туристің видеосына түскен полицейлер не үшін жұмыстан шығарылды? Бұл заңды ма
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды

