Қазақстандық ер адам "киборг әйелмен" тұратынын айтып мақтанды (видео)
Юрийдің серігінің есімі – Марго. Ол жәй ғана әйел емес, киборг. Олар клубқа да, іскерлік кездесулерге де бірге барады, деп хабарлайды ақпарат Stan.kz агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: instagram.com/yurii_tolochko/
«Әйел адамдар + және – болып бөлінеді деген теория бар. + әйел ер азаматты шабыттандырып, ол оның жанында өзін тамаша сезінеді. Ал – әйел керісінше ер адамды кері тартады. Мен үшін Маргоның қайсысы екенін білмеймін. Алайда мен өзімді оның жанында жақсы сезінемін. Қолында ұйықтау, мен үшін сондай бақыт. Себебі, әрбір ер адам жүрегінің түбінде бала», – деді Юрий Толочко өзінің әйелі туралы.
Жуырда ер адам сүйіктісін ота жасатуға жіберді. Айтуынша, Марго да өзге әйелдер секілді мінезін көрсетеді.
«Кеше менің арыстаным әлеуметтік желіде отырып, кейбір пікірлерді түсінбей қалған екен. Шапалақпен бір періп, айғай шығарды. Түсіндіргенімді қаламады. Тек сүйіп алған кезде ғана тоқтады», – деді Юрий.
Баланы ерте жастан мектепке беру оның болашағына инвестиция ма, әлде балалықты ұрлау ма?
Психолог ең алдымен баланың физикалық дайындығын ескеру қажет екенін жеткізді
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады