Қазақстандық дарынды бала 15 жасында университет бітірмек
ҚБТУ-дың он төрт жастағы студенті Абзал Мырзаш келесі жылы бакалавр дипломын алуға дайындалып жатыр. Ол үшінші курста оқиды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Білім және Ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде Абзал «ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша оқып жатыр. Бірақ орта мектепті бітіргеннен кейін Массачусетск технологиялық институтында магистратураға түсуді жоспарлапты. Талантты бала өз мамандығымен қоса басқа салаларды да оқып жүр.
«Соңғы уақытта дүниежүзі бойынша тоғыз жасар бельгиялық Лоран Симонның бойындағы қасиеттері туралы айтылып жүр. "Электротехника" мамандығын меңгеріп жүрген жас талант өз білімімен көпшілікті таңдай қақтырады. Біздің елімізде де дарынды балалар көп. Соның бірі Абзал да ғылымда өз жолын қалдыратын бала деп сенеміз», - делінген хабарламада.
"Орташа айлық – 1 700 000 теңге": Қазақстандық дәрігерлер отбасы Германияға көшіп, табысын 10 есе арттырған
Шетелдегі қазақ дәрігер: "Айлығым шамамен 4 440 еуро, яғни 2 240 000 теңге"
Қазақстандағы ең қымбат ТОП-10 қонақүй: Бір түннің құны қанша
Қазақстандағы ең қымбат қонақүйлердің бірінде бір апта демалу құны - 2,8 миллион теңге.