Қазақстандық боксшы Головкиннің экс-қарсыласын жеңді
Жартылай ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов екінші орта салмақтағы екі белбеу – WBC Silver және "Солтүстік Америка" IBF чемпиондық белбеуі үшін америкалық Габриэль Росадомен жұдырықтасты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әли Ахмедов пен Габриэль Росадо арассындағы сайыс он раундқа созылды. Төрешілер бірауыздан жеңісті Ахмедовке берді.
Осылайша Әли Ахмедов спорттық мансабындағы 19-шы жеңісіне қол жеткізіп, екі белбеуді иеленді.
GGG 2013 жылы дәл осы Росадомен кездесіп, оны жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.
Айта кетейік, Әли Ахмедов Геннадий Головкиннің GGG Promotions промоутерлік компаниясы атынан шаршы алаңға шығады.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті

