Қазақстандық боксшы 33 рет жеңіске жеткен доминикандықты нокаутпен жеңді
Жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Николай Шваб кәсіпқой рингте кезекті айқасын өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен демалыста Шваб Сосуадағы (Доминикан Республикасы) бокс кешінде өнер көрсетті. Оның қарсыласы - бұған дейін 33-3, 28 КО көрсеткішімен рекорд орнатқан жергілікті боксшы Даниэль Рамирес болды. Алайда бұл жолғы айқас соңына дейін жеткен жоқ. Николай Шваб Даниэль Рамиресті нокаутпен жеңді.
Бұл Швабтың кәсіпқой рингтегі - сегізінші және мерзімінен бұрын аяқталған төртінші айқасы. Рамирес төртінші рет жеңілді.
Николай Шваб бұған дейінгі айқасын өткен жылы 9 шілдеде өткізіп, төрешілердің бірауызды шешімімен америкалық Рондейл Хуббертті (14-23-3, 8 КО) Майамиде (АҚШ) жеңген болатын.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді

