Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әйелдердің арасында "Бір сағаттық әке" қызмет түріне сұраныс пайда болған

Елімізде ұл тәрбиелеп жатқан жалғызбасты әйелдер тарапынан “бір сағаттық әке” қызмет түріне сұраныс артқан. Олар баласын нағыз ер азамат етіп тәрбиелеу үшін өмірлік тәжірибесімен, білген-түйгенімен бөлісіп, ақыл-кеңесін аямайтын ер адамдарға көбірек жүгінетін болған. Ал әлеуметтанушылар соңғы жылдары осындай моно-отбасылардың көбейіп бара жатқанына алаңдаулы. Ал мұндай тәлім-тәрбиенің болашақ ұрпаққа зияны бар ма? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасы сілтеп хабарлайды.   

Бүгінде жалғызбасты ана, әке, некеден тыс балалы болу үйреншікті жайғдайға айналды. Тіпті, мұндай отбасылар саны жыл сайын артып барады. Мәселен, елімізде әрбір төртінші жанұяның дәм-тұзы жараспай, некесі бұзылыпты. Былтырдың өзінде 48002 жұп ажырасып кеткен. Ал жалғызбасты аналардың саны 600 мыңға жуықтапты.

"Соңғы 2019 жылғы жүргізілген зерттеу жұмыстарына сәйкес, 540 мың жалғызбасты ана тікркелген, сондай-ақ 68 000 балаларын тәрбиелеп отырған жалғызбасты әке бар. Бұл тенденция, яғни,  моно-отбасылар көбейіп жатыр дегенді білдіреді. Дәл осы типтегі отбасыларға мемлекет тарапынан психологиялық тұрғыдан  ешқандай қолдау жоқ. Ал анасыз қалған балаларды жалғыз тәрбиелеп отырған ер азаматтар жайлы айтудың өзі қиын", – дейді әлеуметтанушы Татьяна Резвушкина. 

Жаңа отбасылық форманың немесе модельдің қоғамда қалыптасуы алдағы уақытта бірқатар проблемаларға алып кеплуі әбден мүкмін, дейді психологтар.

"Өкінішке орай, ондай қауіп бар. Себебі бала қандай модельді отбасын көретін босла, әкем жоқ, күйеу керек жоқ сияқты жалғасуы мүмкін. Оның алдын алу үшін әлі күнге жарнамасын жасап, соны көрсету керек", – дейді психолог Ержан Мырзабаев. 

"Бір сағаттық әке" тағы бір мәселеге айналуда. Ер баланы тәрбиелеп отырған кей аналар ұлға кеңес айтып, ер мінезді болып қалыптастыруына ықпал ететін әкелер кеңесі болса деген ұсыныс айтыпты.  

"Жалғызбасты аналардың ер бала тәрбиелеу мәселесі алаңдатады. Ер бала өсіп келе жатыр, көмек беретін адам жоқ. Сол кісілердің тарапынан көмек сұрағаны есімде.  Бір сағаттық әке, кеңесі” деген қызмет пайда болғанын қалайды. Сондай сауалдар туып жатыр", – дейді әлеуметтанушы Салтанат Оразбекова.

Қыз-келіншектердің ажырасуға негізгі себептерінің бірі - арқа сүйер ер азаматтардың жауапкершілігінің жоқтығы, дейді мамандар.

Жалпы, ажырасу бойынша көшбасында Алматы тұр. Статистикаға сенсек, 2020 жылы 5284 ерлі-зайыптының шаңырағы шайқалыпты. Сондай-ақ, Алматы облысы, Қарағанды облысы, Шығыс Қазақстан өңірлерінде де некені бұзу дерегі жоғары болып тұр.

Талқылау