Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әйел өзін мас деп ойлаған дәрігерлердің кесірінен көз жұмды: Ол көшеде инсульт алып құлаған

Тайынша қаласының тұрғыны Татьяна Звоновская өзін мас деп ойлаған дәрігерлердің кесірінен көз жұмды. Оның балалары мен туыстары жарты жылдан бері әділдік іздеуде. Оқиғадан бері жарты жыл өтсе де, істе күдікті деп ешкім танылмаған. Ал әйелді "мас" деп ойлап, дер кезінде көмек көрсетпегендер әлі ауруханада қызмет атқарып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Время" газетіне сілтеме жасап. 

2021 жылдың 13 қарашасында Татьяна 35 жасқа толған ұлының туған күніне бармақ болған. Алайда көлік болмағандықтан, мерекені бір аптаға кейінге шегеріпті. Үйіне қайтар жолда әйел құлап, оны кездейсоқ адамдардың бірі байқаған. Кейін ауруханаға жеткізген. Ал әйелдің қызы сол күні анасына хабарласа алмаған. 

"Анам тұтқаны көтермеді. Әпкеме хабарлассам, күні бойы банка жаптық деді. Үздіксіз үй, ұялы телефонына, туыстарға хабарластым. Түн ортасында әпкем мен жездем үйге барса, онда ешкім болмаған. Ал таңғы 3:30 шамасында мен аудандық ауруханаға хабарласып, анамның тегін атадым. Ондағылар анам қатты масайып қалғандықтан, көз жұмғанын айтты", - дейді Татьянаның қызы. 

Ал Тайынша аудандық көпсалалы ауруханасында әйелге тіпті, карта ашпаған. Оны мас деп ойлап, қабылдау бөліміндегілер амбулатория жағдайында оның есін жидырмақ болған.

Жедел жәрдем фельдшері Дмитрий Середенко мен қабылдау бөлімінің дәрігері Сарвар Шавкатов бірауыздан әйелден "ішімдіктің иісі аңқып тұрғанын" мәлімдеген. Алайда ақ халаттылар оны анықтау үшін ешқандай сараптама жасамаған. Алкогольден уланып қалды деп дәрі тамызғыштың астына жатқызған. Бірнеше сағат бойы әйелді аскорбинка, физерітінді мен тиосульфатпен емдеген. Түнгі сағат 1 шамасында әйелдің жағдайы нашарлаған. Кейін дәрігерлер жарты сағат бойы оны өлімнен арашалап қалуға тырысқанымен, одан түк шықпады. 
Әйелдің көз жұмғанын да туыстарына бірден ескертпеген. Тек үш сағаттан кейін қызы хабарласқанда естірткен. 



"Таңертең ауруханада болдым. Бірден Тайыншаға жолға шықтық. Қабылдау бөілімндегі дәрігерлер анамның қазасына орай көңіл де білдірген жоқ, бірден оны мас күйінде тауып алғандарын айтты. Көп ішкені соншалықты, миы ісініп, өліп кетіпті. Соңғы сәтке дейін қателесіп тұр деп ойладым. Өйткені менің анам ондай емес еді. Кейін маған оның жүзігі мен алқасын әкеліп берді. Онымен қоса, мәйітті ашудан бас тарту туралы құжатқа қол қойдырып алмақ болды. Бірақ біз сараптама жүргізуді талап еттік. Және бекер емес екен", - дейді марқұмның қызы Оксана.

Екі күннен кейін мамандар әйелдің расымен де бас миы ісінгенін анықтады. Алайда ішімдіктен емес, инсульттен болып шықты. 
Араға екі ай салып, жергілікті РОВД дәрігерлерге қатысты тергеу жұмыстарын бастады. Алайда арада жарты жыл өтсе да, істе күдікті адам әлі күнге дейін жоқ. Аудандық полиция бөлімшесі дәлелдерді жинай алмай әлек. Бірақ іске тікелей қатысы бар адамдар наурыз айында жауапқа алынып, тергеу аясында белгіленген сараптама да сол айда дайын болып үлгерген. Ол бойынша, әйелге тиісті медициналық көмек дер кезінде көрсетілмегендіктен, көз жұмғаны айтылады.  
Татьяна Звоновскаяның туыстары кінәлілердің жазаланып, істе әділдік орнағанын қалап отыр. 

Талқылау