Қазақстандық әскерилер арасында “Өміріңді сақта” бағдарламасы енгізілетін болды
Қазақстандық әскерилер арасында “Өміріңді сақта” бағдарламасы енгізілетін болды. Бағдарлама әскери қызметшілер қатарындағы жарақат алудың, өлімнің және суицидтік көріністердің алдын алуға бағытталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әзірленген құжаттың орындалуын бақылауды арнайы құрылған жұмыс тобының мүшелері жүзеге асырады.
Қорғаныс министрлігінің тобына сондай-ақ "Қазақстан ата-аналар одағы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бағила Балтабаеваны қосқысы келеді. Қоғам белсендісі қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовпен өткен кездесуде әскерилер арасындағы суицид фактілеріне назар аударып, суицидтің алдын алу бойынша бірқатар шараларды ұсынған.
- Жамбыл облысындағы әскери қызметкердің өлімі: Күдікті ұсталды
- "Күтемін сені, бауырым": Жас сарбаздар TikTok арқылы жігіттерді әскерге шақырды
Айта кетейік, Жылдың басынан бері қорғаныс министрлігі мен ішкі істер министрлігінің ондаған жауынгері қаза болды. Мұны көпшілігі әскердегі әлімжеттікпен байланыстырады.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті